Қоғам

Елордада 8 наурыз мерекесіне орай қандай іс-шаралар өтеді?

Астанада 8 наурыз мерекесіне орай бірқатар мәдени іс-шара өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

6 наурыз күні сағат 11:00-де Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған мамандандырылған кітапханада «Анамның аялы алақаны» әдеби кешін ұйымдастырады.

Бұл күні аудан әкімдіктерінде көпбалалы аналар арасында «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін табыстау салтанаты өтеді.

Қазақ ұлттық хореография академиясында да бұл күні мерекелік концерт ұйымдастыру жоспарланып отыр.

6 наурыз күні сағат 19:00-де М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры және Ұлттық ұлан бірлесіп көрермен назарына «Әлия» қойылымын ұсынады.

Дәл осы күні сағат 19:00-де «Жастар» Сарайында «Әйелдерге тағзым» атты халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік концерт өтеді.

7-8 наурыз аралығында Сарайшық ауданында коммуналдық қызмет мамандарына қызғалдақ тарату іс-шарасы өтеді.

6-8 наурыз күндері Байқоңыр ауданының әкімі тыл еңбеккерлерін арнайы үйіне барып, Халықаралық әйелдер күнімен құттықтайды.

7 наурыз күні қала көшелерінде елорданың нәзік жандыларына қызғалдақ тарату іс-шарасы ұйымдастырылады.

«АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде 7-8 наурыз күндері сағат 10:00-18:00 аралығында «Ана – өмірдің гүлі» көрмесі өтеді.

Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры 8 наурыз күні сағат 19:00-де «Келіндер көтерілісі» және 9 наурыз сағат 19:00-де «Күшік күйеу» комедияларын ұсынады.

Ал Қуыршақ театры 7 наурыз сағат 12:00-де және 16:00-де, 8-9 наурыз сағат 12:00-де және 16:30-да «Маугли» ертегісінің қойылымын ұсынады.

Сол сияқты Музыкалық жас көрермен театры 8 наурызда сағат 18.00-де «Театр әлемі» мерекелік қойылымын ұсынады. Сонымен қатар, М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры мереке күні 18:00-ге «Брак по-итальянски» қойылымын әзірлеп отыр.

8 наурызда «Қазақстан» орталық концерт залында мерекелік концерт, «Жастар» театрында «Жанарымдағы жалғыз әуен» театрландырылған концерттік бағдарлама өтеді.

9 наурыз күні сағат 17:00-де Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының камералық залында қазақ оркестрінің әртісі, сымқобызшы, мәдениет саласының үздігі Ботагөз Тәшімованың «Асыл қазына» атты жеке концерті өтеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button