Ел тынысы

Астанада акушерлердің бірінші халықаралық конгресі өтеді

Сәуірдің 11-12 күндері Астанада «Аялы алақан» акушерлік іс мамандарының I халықаралық конгресі өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Шараның мақсаты – акушерлік қызмет жұмысын жетілдіру және Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы акушердің рөлін арттыру. Конгресске  әлемнің сегіз елінен –  Қазақстан, Швеция, Австралия, Латвия, Беларусь, Литва, Ресей және Қырғызстаннан 250-ден аса медицина қызметкері қатысады.

Қазақстан үшін акушерлік тәжірибені одан әрі дамыту көптеген өзекті мәселе, оның ішінде ана мен бала өлімінің деңгейін төмендетуді шешумен байланысты. I Халықаралық конгресс Еуропалық Одақ елдерін мысалға алып ауылдық жерлерден қалаға дейінгі акушерлік қызмет үлгілерін талқылау, жүктілік және босану кезіндегі шақалақтың жағдайын диагностикалауға акушерлердің ықпалы,  перинаталдық шығын барысындағы акушердің рөлі, босану ұйымдарындағы инфекциялық бақылауға әсері және басқа да маңызды кәсіби тақырыптарды көтереді.

 Ұйымдастырушылар: Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен «AYALA» қайырымдылық қоры

Серіктестер: NU Medicine (Назарбаев университетінің Медицина мектебі және University Medical Center), Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы

Өтетін орны: Астана қаласы, Назарбаев университетінің Медицина мектебі. 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button