ЖаңалықтарЭкономика

Астанада әлеуметтік-экономикалық дамудың оң үрдісі байқалды

2016 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің өсуінде оң үрдіс байқалады. Бұл туралы Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

tabu

Қаланың жалпы өңірлік өнімінің (ЖӨӨ) көлемі 2016 жылдың І жартыжылдығында 2,1 трлн теңгеден асты. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2,9%-ға артық. Астананың республиканың ЖӨӨ-нің көлеміндегі үлесі – 11,1%-ды құрады.

Экономиканың өсімі негізі салалық құрылымдар есебінен, атап айтқанда құрылыс саласында – 19,8%, кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет – 18,8%, қаржы және сақтандыру қызметі –10%, көлік және қоймалау саласында – 9%,басқа да қызметтер – 41,4% қамтамасыз етілді.

Жан басына шаққандағы ЖӨӨ көрсеткіші 2,4 млн теңгені құрап, республика бойынша орташа көрсеткіштен 2,2 есеге (1,1 млн.теңге) артты. Бұл тұрғыда Астана экономикасы мұнай секторына негізделген Атырау облысынан кейін 2-ші орында.

astana.gov.kz

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button