Қоғам

Астанада Аqyl Battle CUP зияткерлік турнирінің финалы өтті

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен 27 қыркүйек күні еліміздегі ең танымал зияткерлік сайыстардың бірі – «Aqyl Battle CUP» финалы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Зияткерлік сайыс «Тіл тағдыры – ел тағдыры» жобасы аясында 14-35-ке толған жастар арасында ұйымдастырылған. Жоба мақсаты – жастардың білімге деген құштарлығын арттырып, шығармашылық пен зияткерлік дамуға жол ашу.

Облыстарда сайыстың іріктеу кезеңіне 1500 адам қатысты. Финалға 23 команда жолдама алды. Биыл алғаш рет Өзбекстан Республикасының ең танымал «Zakovat» зияткерлік ұйымынан «Зиялы жастар» командасы да қатысып, қазақ тілінде білімін сынады. Нәтижесінде Бас жүлдені Шығыс Қазақстан облысының командасы жеңіп алды. Бірінші орын Қызылорда облысының ойыншыларына, екінші орын ақмолалықтарға бұйырды. Ал қола кубокты Атырау облысының зияткерлері еншіледі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button