Елорда тынысы

Астанада Арбалар шеруі өтті

Астанадағы Ботаникалық бақта Арбалар шеруі өтті. Оған қаладағы кішкентай балалары бар ата-аналар қатысты. Оны өткізуге елорда әкімдігі, Green Case Group, MyStart, Okno Digital компаниялары мұрындық болды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Қуаныш пен шаттыққа толы іс-шара бақтың ішін ерекше көңіл-күйге бөлеп, елдің назарын аударды. Іс-шара бағдарламасында кәсіби нұсқаушылармен бірге фитнес-жаттығулар, стретчинг те қамтылды.
Қатысушылар көл-көсір сыйлықтарға ие болды. Атап айтқанда, жөргектер, балалар дүкеніне 100 мың теңгеге сертификаттар берілді.

Көңілді іс-шара ата-аналар арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайта түсті, жаңа таныстыққа жол ашты. Екі сағатқа созылған шеру көптің көңілінен шықты. Оған балалар арбасын итерген ата-аналар қуана қатысты.

Ұйымдастырушылардың бірі Әлия Өмірханованың айтуынша, Funny sport аясында ұйымдастырылған шеру –  кішкентай балалары бар аналарға арналған спорттық іс-шара. Бұл олардың баламен үйде отырған кездегі өміріне бір көңілді әсер беріп, табиғат аясында осындай жарыстар арқылы бой жазып, серпіліп қалуына септік етеді.

-Баламен үйде отырған әйелдер үшін бұл бір ерекше оқиға болды. Арбаға салып балаларымызды таза ауаға жиі шығарып тұрамыз, бірақ ол кезде әркім өзімен-өзі бөлек жүреді. Бұл шеру сондай ата-аналардың басын қосты. Түрлі дене жаттығуларын жасадық, сыйлықтар алдық. Ұйымдастырушыларға рахмет,- дейді елордалық көп балалы ана Әсемгүл Жолбасарова.

Райхан Рахметова

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button