Қоғам

Астанада «Архив – 2025: нәтижелер мен мәселелер» атты республикалық конференция өтті

Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің  ұйымдастыруымен «Архив – 2025: нәтижелер мен мәселелер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шара «Архив-2025» жобасы аясында шетелдердегі Қазақстанға қатысты құжаттарды анықтау, көшіру, цифрлау және жариялау бағытында жасалған жұмыстарды талқылауға арналды.

Конференция шеңберінде Қазақстан тарихына қатысты бірегей құжаттардың көрмесі ұйымдастырылды. Экспозицияда Ресей, Германия, Моңғолия, Беларусь, Армения, Түркия сияқты мемлекеттердің архивтерінен әкелінген құжаттар қойылды.

Іс-шара аясында «Материалы и документы Российского государственного военно-исторического архива по истории Казахстана XIX века» атты құжаттар жинағының тұсаукесері өтті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Check Also
Close
Back to top button