Қоғам

Астанада ауа райы күрт суытады

Астана қаласы ТЖД ауа райына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына үндеу жасады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Қалалық ТЖД «Қазгидромет» РМК деректеріне сүйеніп, ескерту жасады.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша Астана қаласында 20-21 қаңтар күндері түнде жаяу бұрқасын, күндіз бұрқасын болуы ықтимал. Көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі», – делінген ТЖД хабарламасында.

Осыған орай, Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына мамандардың ұсынымдарын тыңдауға, сақ болуға, ауа райының өзгеруі және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалауға кеңес береді.

Көктайғақ кезінде келесі ережелерді сақтау қажет екенін ескертеді:
– биік өкшелі аяқ киімнен бас тартып, сырғанамайтын аяқ киімді киіңіз;
– Аяғыңыздың астына мұқият қараңыз, қауіпті жерлерді айналып өтуге тырысыңыз;
– Егер мұзды «шұңқырды» айналып өту мүмкін болмаса, онда шаңғышы сияқты кішкене жылжымалы қадамдармен жүріңіз;
– Жолдың жүріс бөлігінде өте мұқият болыңыз: асықпаңыз және көп жүгірмеңіз;
– Көлбеу беті бар барлық жерлерді айналып өтуге тырысыңыз;
– Мүмкіндігінше қолдарыңыз бос болуы керек, ауыр сөмкелерді алып жүрмеуге тырысыңыз, қолыңызды қалтаңызға салмаңыз – бұл құлау мүмкіндігін арттырады;
– Қарт адамдарға резеңке ұшы бар таяқшаны немесе ұштары бар арнайы таяқшаны қолдану ұсынылады.

Дауылды жел кезінде ең алдымен тұрғын үйлердегі электр желілері мен жабдықтардың, жылыту пештерінің жай-күйін тексеру, ішкі және сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтаудың, телефон байланысының жарамдылығын қамтамасыз ету, өртке қарсы құралдарды дайындау қажет. Пәтердегі электр желісінің кернеуі көтерілген кезде барлық тұрмыстық электр аспаптарын дереу тоқтан ажыратыңыз, электр қуаты кенеттен қосылған кезде өрт болмауы үшін розеткалардан шығарып қойыңыз. Сондай-ақ, жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыстатып, үйдегі немесе пәтердегі барлық терезені берік етіп жабу ұсынылады. Егер сіз көшеде қатты жел кезінде қалып қалсаңыз, сенімді үй-жайға кіріп, жасырыну қадет.

Боран кезіндегі іс-әрекеттер:

Егер сіз ғимаратта болсаңыз:
– Қажет болған жағдайларда ғана ғимараттан шығыңыз.
– Шығуға қажеттілік пайда болса, қайда бара жатқаныңыз және қашан қайтып оралатыныңыз туралы отбасыңызға немесе көршілеріңізге хабарлаңыз.
– Жалғыз шықпауға тырысыңыз.

Егер сіз жолда болсаңыз:
– Үлкен жолдар мен тасжолда ғана жүріңіз.
– Машинадан шыққан кезде одан алыстамауға тырысыңыз.
– Машинаның ақаулығы болса немесе жол көрінбесе: жолдың жиегіне тоқтаңыз;
Үзіліссіз гуілдермен дабыл беріңіз, антеннаға ашық түсті матаны іліңіз, автокөлікте көмек күтіңіз.

Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button