Ел тынысы

Астанада аяз болады

12 сәуірге арналған ауа райы болжамы бойынша Астанада аяз болады, Алматы мен Шымкентте жаңбыр жауады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Қазгидромет» РМК мамандары жұмада, 2024 жылы 12 сәуірде Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қалай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, елордада күн күрт суыту ықтималдылығы жоғары, ал еліміздің өзге ең ірі екі мегаполисінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтіледі:

Астанада – аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман болады. Түнде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с, кей тұста 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: -3…-5°С, күндіз: +7…+9°С;

Алматыда – аспан бұлтты, таңертең және түстен кейін жаңбыр жауып, аракідік найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні – 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні – 18 м/с. Ауа температурасы түнде: +7…+9°С, күндіз: +13…+15°С;

Шымкентте – аспан бұлтты, таңертең және түстен кейін жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, қатты жел тұрады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні – 8-13 м/с, таңертең және түстен кейінгі екпіні – 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +10…+12°С, күндіз: +19…+21°С.

Синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің жүруіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталатынын, негізінен жаңбыр жауатынын ескертеді.

«Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), республикамыздың шығысында, орталығында да жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжанады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейею сипаты басым, еліміздің солтүстік, шығыс өңірлерінде көктайғақ, оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерінде найзағай ойнап, оңтүстік-батыста күндіз шаңды дауыл болады», – делінген хабарламада.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button