Басты ақпарат

Астанада азық-түлік бағасы қандай?

Астанада әлеуметке қажетті деген қант, қарақұмық пен кейбір көкөністердің бағасы айтарлықтай төмендеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ауылшаруашылығы бас­қармасының мәліметінше, бүгінде «Шапағат» коммуналдық базарында картоптың бағасы – 115 теңге, пияз – 100 теңге, сәбіз – 105, капуста 90 теңгеден сатылып жатыр.
«Биыл картоптың бағасы 25 теңгеге арзандады, пияз 5 теңгеге, капустаның бағасы сол қалпында қалды» делінген ведомствоның хабарламасында.
Сондай-ақ, жарманың да ба­ғасы төмендеген. 2017 жылы күріштің бағасы – 210 теңге, қарақұмық жармасы – 253 теңге, қанттың бағасы 230 теңге болған.
Биыл күріш пен қанттың бағасы 40 теңгеге арзандаса, қарақұмық екі есе арзандады. Тек еттің бағасы ғана өзгеріссіз қалған. Мамандар өзге де әлеу­меттік емес азық-түліктердің бағасы өскенін айтуда. Бірақ, бұл – уақытша құбылыс. Жаз маусымы кезінде бұл бағалар тұрақтанады деп болжануда.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button