Елорда тынысы

Барыс Арена спорт кешенінің алдындағы жолға жөндеу жүргізіледі

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, Орынбор көшесінен Бұқар Жырау көшесіне дейінгі Тұран даңғылы бойында Барыс Арена спорт кешенінің алдындағы жолда орташа жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жергілікті жол жүру учаскесі осы жылдың 7-9 тамызы аралығында толығымен жабылады.

Жол жөндеу кезеңінде «The Square Бизнес-орталығы» және «Барыс-Арена СК» аялдамаларына қалалық қоғамдық көліктер қызмет көрсетпейді.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button