Ел тынысы

Астанада баспана бағасы арзандады

Астанада ұзақ уақыттан бері алғаш рет баспана бағасы арзандады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Соның ішінде жаңадан салынған үйлерде бір шаршы метрдің бағасы төмендеп отыр. Мәселен, ақпан айымен салыстырғанда «бастапқы нарық» нысандарының бағасы наурызда 1,1%-ға арзандаған. Мамандар жаңа үйлердегі мұндай өзгеріс 2017 жылдан бері бірінші рет байқалып отырғанын айтады. Дегенмен, осы аралықта ескі үйлердің бағасы қымбаттаған. «екінші деңгейлі нарық» нысандары өз құнына 1,2% баға қосқан. Жалдау ақысы да 0,5%-ға қымбаттапты.

Ал жалпы Республикадағы динамикаға келетін болсақ, көрсеткіштер келесідей:

Жаңа пәтерлердің құны ақпан айымен салыстырғанда 0,4%-ға арзандаған, әсіресе Атырауда (-4,8%), ал қайталама нарықта баға 0,2%-ға өсті, оның ішінде Жезқазғанда күрт өскен (+4,8%).
Жалдау ақысы 0,6%-ға арзандапты, Алматыдағы баға зерттелген қалалардың ішіндегі ең көп құлдырау боп отыр.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button