Құқық

Астанада бейнекамера көбейді

Бүгінде Астана қаласында барлығы 6 мыңнан астам камера бар. Оның 600-ден астамы тұрғындардың тілегімен орнатылыпты. Ал 3 мыңнан астам пәтерге күзет қойылған.

Қоғамның тыныштығын күзетіп, қылмыстың алдын алу – кез келген полицияның басты мақсаты. Кейінгі кезде тәртіп сақшыларына елорда тұрғындары да ерікті түрде көмектесіп, бірталай құқық бұзушылықты анықтауға септігін тигізген.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, жұртшылықтың көмегі болмаса, қылмыспен күресуде үлкен нәтижеге жету мүмкін емес. Әрі тұрғындармен тығыз байланыс орнату олардың полицияға деген сенімін арттыра түспек. Бұған қоса, қоғамның белсенділігі қалада тәртіптің орнығуына да көмегі мол.
Қазіргі таңда өз еріктерімен қылмысты анықтап, оқиға туралы жедел полиция қызметіне хабарласқандар көбейген. Олардың қатары күн санап артып келеді дейді ІІД мамандары.
Бүгінде сақшылар «Сәлеметсіз бе, мен сіздің полиция инспекторымын» атты акция аясында тұрғындар арасында ұрлықтың алдын алу, аулалар мен кіреберістерде бейнекамера, дабыл қағу құрылғыларын орнату арқылы қауіпсіздікті сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
Қолға алынған осы жұмыстардың арқасында 326 бейнебақылау камерасы орнатылған. Оның 188-і тұрғындардың бастамасы екен. Сонымен қатар, тұрғын үй аулаларына 95 камера орнатылса, оның 65-інде жұртшылық бастама көтерген.
Қазіргі таңда қаланың 191 кіре­берісі бейнекамера құрылғысымен жабдықталған. Ал, дабыл қағу қон­дырғысы 45 пәтерге орнатылған.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button