Ел тынысы

Астанада Берлин Еуразиялық Клубының отырысы өтеді

2024 жылғы 15-16 мамырда Германия экономикасы шығыс комитетінің бизнес делегациясының Астанаға сапары жоспарланған, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Ол туралы кеше СІМ Ресми өкілі Айбек Смадияров дәстүрлі брифинг кезінде хабарлаған болатын.

Сапарға орай Берлин Еуразиялық Клубының (БЕК) отырысы өтеді және оған Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр және Сыртқы істер министрінің орынбасары Назира Нұрбаева қатысып, сөз сөйлейді.

Іс-шараға Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзер бастаған 30-дан астам неміс компаниялары (энергетика, машина жасау, тау-кен өнеркәсібі саласында) қатысады.

Берлин клубы 2012 жылғы 7 ақпанда құрылған, оның құрылтайшылары – Қазақстанның Германиядағы Елшілігі және Германияның Сыртқы саясат қоғамы (DGAP). 2016 жылдан бастап Германия экономикасының шығыс комитеті неміс тарапынан серіктестік функциясын қабылдады.

Клубтың жұмысы ашық пікір алмасу және ұсыныстар әзірлеу мақсатында екі мемлекеттің саясаткерлері, сарапшылары, бизнесмендері арасындағы тұрақты өзара іс-қимылға бағытталған.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button