ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Астанада білім беру нысандарының қасында жылдамдықты шектеу міндеттелді

Астаналық жүргізушілерге мектеп және балабақша маңында жылдамдықты 40 км/с-қа дейін азайтуға міндеттеледі.

6573-news-slaider-1426762370

Арнайы осы үшін білім беру нысандарының қасына «Жыл­дамдықты шектеу» және «Балалар» ескерту белгілері орнатылды.
Жергілікті полиция қызметінің мәліметі бойынша екі күнде мектеп пен балабақшалар маңындағы жылдамдық режиміне қатысты 500-ден астам ереже бұзушылық тіркелген.
«Жолда жүру ережелеріне сәйкес, «Жылдамдықты шектеу» белгісі бойынша жылдамдықты 40 км/с-қа дейін азайту керек. Сонымен бірге, балалар мекемесінің маңында жылдамдықты азайту үшін жасанды жол кедергілері төселеді» дейді Астана ІІД Жергілікті полиция қызметінің баспасөз қызметі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button