Білім беру нысандарындағы қауіпсіздік бойынша онлайн кеңес өтті
Астана қаласы білім басқармасының бастамасымен қаланың жеке және мемлекеттік білім беру мекемелерінде қауіпсіздік бойынша онлайн кеңес өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Жиынға білім беру меккемелерінің бірінші басшылары, басқарма басшысының орынбасары М.Қайырбаева, сол сияқты Полиция департаментінің, Төтенше жағдайлар департаментінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің өкілдері қатысты.
Оқушылардың қауіпсіздігін қажетті деңгейде қамтамасыз ету уәкілетті органдар қабылдайтын іс-шаралар жүйесін қамтиды.
Мәжілісте түрлі салалардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты маңызды мәселелер қаралды:
* Террористік қауіп жағдайындағы алғашқы әрекеттер және терроризмнің алдын алу шаралары;
* Терроризмге қарсы қорғау паспорттары бойынша түсіндіру;
* Терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат, ҚР ҚК 273-бабы;
* Білім беру мекемелерінде өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері;
* Қысқы уақыттағы су айдындарындағы балалардың қауіпсіздігі мәселелері.
Сондай-ақ, қауіпсіздікті жақсарту және нығайту жөніндегі іс-шаралар талқыланды, сондай-ақ одан әрі іс-қимылдар үшін ұсыныстар әзірленді.
Білім беру объектілеріндегі қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында Басқарма осы бағыттағы қауіпсіздікті жақсартуға және нығайтуға бағытталған іс-шараларды ұдайы жүргізетін болады.