Ел тынысы

Елордада Бірлік жарысы өтеді

28 сәуірде Астанада елорда тұрғындары мен қонақтары үшін, соның ішінде Қазақстанның басқа өңірлерінен, барлық этномәдени бірлестіктерден, сондай-ақ Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу шеңберінде Жастар және инклюзивті қозғалыстан қатысушыларды тарта отырып, «Бірлік жүгірісі» бірлік жарысы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жарысты өткізудің мақсаты еліміздің барлық этностарын бірыңғай спорттық мақсатпен біріктіру болып саналады.

Жарысты Астана Триатлон федерациясының қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырады.

Жарыс серіктестері: «Самұрық-Қазына» АҚ және «SportQory» КҚ – туризм және спорт индустриясын қолдау қоры.

«Бірлік жүгірісі» бірлік жарысы ересектер үшін де, балалар үшін де 4 қашықтықты қамтиды. Қатысушылар саны 2000 адамға дейін жетуі мүмкін.

Жарыс ЭКСПО ХТО-да өтеді.

Бұл жарыс Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесіне енгізілген.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button