Ел тынысы

Астанада «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы жүзеге асырылуда

Астана қаласының мектептерінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы балалардың бойына адами құндылықтарды сіңіру мақсатына жетудің тиімді құралдарының бірі. Биыл Астана қаласында жаңа оқу жылы тың жаңалықтармен, көптеген өзгерістермен басталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

2023-2024 оқу жылына арналған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру бойынша кешенді жоспар жасалып, Астана қаласының білім беру ұйымдарының басшыларына, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына, сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігіне, әлеуметтік педагогтерге, жетекшілерге оқыту семинары өткізіліп, 3600-ден астам педагог қамтылды.

Бағдарламаның аясында бүгінгі күні өзекті болып отырған «Жеткіншектің жеті жарғысы», «Еңбегі адал жас өркен», «Оқуға құштар әке, ана, бала, ұстаз» жобалары іске асырылып жатыр.

Кешенді жоспар педагогтер үшін де маңызды екені анық. Себебі, бұл құжатта «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру барысындағы сынып сағаттары мен әлеуметтік тәжірибелер, жобалар нақты көрсетілген. «Ұлттық мүдде», «Ар-ұят», «Талап» тәрбие құндылықтарына негізделген тәрбие жұмыстарының жүйелі жүзеге асуына барлық министрлік, барлық сала қызметкері, білім ұйымдары атсалысады.

«Біртұтас тәрбие» жобасына сәйкес тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мақсатында 98 мектепте «Ата-аналардың педагогикалық қолдау орталығы» қызмет етіп тұр. Сонымен қатар, мектептерде бағдарламаны жүзеге асыру барысында «Даналық мектебі» жобасы аясында «Ата мектебі», «Әке мектебі», «Аға мектебі», «Әже мектебі», «Ана мектебі», «Жеңге мектебі», Астана қаласының «Әкелер қауымдастығы» жұмыс істейді. Барлық мектепте «Ата-аналардың педагогикалық қолдау орталығы» кабинеттері және зоналары ашылған.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button