Қоғам

Астанада «Бұрқасын-2025» фестивалі өтеді

Астанада 23 ақпан күні «Бұрқасын-2025» фестивалі өтеді. Аталмыш іс -шара жыл сайынғы қысқы фестивалі бағдарламасы аясында спорттың 9 түрінен өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Фестивальге қатысушылар мына спорт түрлерінен сынға түседі:
Шаңғы жарысы;
гір тасын көтеру;
қол күресі;
белбеу күресі;
арқан тартыс;
пималы хоккей;
қысқы футбол;
автоспорт;
мотоспорт.

Жарысқа қатысуға денсаулығы жарамды барлық ниет білдіруші қатыса алады. Тіркеуден өту кезінде өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат болуы қажет.

Шаңғы жарыстарына тіркелу жарыс кестесіне сәйкес 30 минут бұрын, өткізу орнында ұйымдастырылады.

Шаңғы жарысынан қатысушылардың старттық нөмірлері әр жас тобы бойынша 30 минут бұрын беріледі.

Жарыс санитарлық нормалар мен қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жүргізіледі.

Әр жас тобындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Фестиваль 23 ақпан күні «Триатлон саябағында» сағат 11:00-де басталады. Тіркеу уақыты: 09:00.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button