Ел тынысы

Астанада Cyber and Digital Security конференциясы өтеді

Астанада 3-4 сәуір күндері киберқауіпсіздік саласындағы маңызды іс -шара өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылатын бұл конференция Cyber & Digital Security деп аталады. Іс-шара барысында министрлік өкілдерін бірнеше форматта тыңдауға мүмкіндік болады.
3 сәуірде конференция сағат 10:00-де медиа киіз үйден тікелей эфирде басталады.
4 сәуір сағат 10: 00-де «Жаңа қауіпсіз Қазақстан. Реттеушілер мен сарапшылар» цифрлық қауіпсіздік бөлімінде негізгі аспектілер талқыланатын болады. Ал сағат 14:45-те конференция БАҚ өкілдерімен және инфлюенсерлермен бірге дөңгелек үстелде аяқталады, онда бизнес пен билік диалогының өзекті тақырыбы қаралады, сондай-ақ Қазақстанның цифрлық болашағы тақырыбында талқылаулар өтеді.
Үздік сарапшыларды біріктіретін және ең қызықты есептерді бір алаңға жинайтын іс-шараға қатысу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз
Сілтеме бойынша тіркелу: https://clck.ru/39fHGu
Өтетін күні: 03-04.04.2024
Өтетін орны: «EXPO» ХВО, Астана

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button