Ел тынысы

Астанада дәстүрлі халықаралық көрме өтеді

INTERFOOD ASTANA 2024 көрмесі 24-ші рет өткелі отыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz 

29-31 мамыр аралығында Астана қаласы Әлихан Бөкейханов көшесінде орналасқан «EXPO» ХКО ғимаратында өтетін жиын «XXIV қазақстандық халықаралық «Тамақ өнімдері, сусындар, ингредиенттер, тамақ өнеркәсібіне арналған қаптама мен жабдықтар көрмесі» деп аталады.

INTERFOOD ASTANA 2024 көрмесі – тамақ, қайта өңдеу және буып-түю индустриясы саласындағы шетелдік және отандық мамандардың дәстүрлі кездесу орны.

Көрменің айрықша ерекшелігі азық-түлік өнімдерінен бастап технологиялар мен өндірістік жабдықтарға дейінгі сала жетістіктерін таныстыруға арналған кешенді тәсіл екендігінде.

Жыл сайын көрмеге Беларусь, Армения, Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Малайзия, Біріккен Араб Әмірліктері, Германия, Вьетнам және Қытайды қоса алғанда, шетелдерден және Қазақстаннан 70-тен астам компания келіп қатысады. Жиын бағдарламасында сарапшылық кездесулер, іскерлік алаңдар,  шеберлік сабақтары, дегустациялық конкурстар және тағы да басқа іс-шаралар қарастырылған.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button