Мәдениет

Астанада «Дала қасқыры» фильмінің жабық көрсетілімі өтті

Астанадағы Mega Silk way сауда орталығында «Дала қасқыры» фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Киножоба Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы және Golden Man Media компаниясының қолдауымен түсірілді және 15 тамыздан бастап ел кинотеатрларына жол тартпақ, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Дала қасқыры» – триллер мен драма элементтерін біріктіретін фильм. Шығармашылық топ сценарий жұмыстарына 10 жыл бұрын кірісіп, оны 2021 жылы аяқтап, түсірілім жұмыстары басталған.
Фильмнің түсірілімі Қазақстанда, атап айтқанда Алматы және Жетісу облыстарының аумағында өткен. Түсірілім жұмыстарына 100-ден астам маман жұмылған. Қауіпті трюктерді қазақстандық каскадерлер орындаған, бұған қоса Беларуссиядан арнайы мамандар да шақырылған. Фильмде жоғалған ұлын іздеген Тамара есімді әйелдің оқиғасы баяндалады. Ол көмекке жүгіну үшін детектив жалдайды және бұл шешімі күтпеген салдарға әкеледі.

«Дала қасқыры» – кейіпкерлерімен, баяндауымен ерекше фильм. Жобаның сценарийі детективтің ізімен 2010 жылы жазылған. Мұндағы кейіпкер әйел қатты қайғырып тұрғанмен, мінезі мықты. Туындының шырайын келтірген де өзі. Фильмнің 10-нан астам халықаралық фестивальдарда жүлде еншілеуі соның дәлелі, – дейді фильмнің продюсері Әлия Меңдығожина.

Айта кету керек, «Дала қасқыры» жақында  Канададағы Fantasia Film Festival фестивалінде топ жарды. Фестивальда фильм актерлары Берік Айтжанов пен Анна Старченко «Үздік актер» атанған болатын. Сонымен қатар фильм операторы Еркінбек Птыралиев Оскар академиясының мүшесі болды.
Бұл «Дала қасқырының» бірінші жетістігі емес. Бұдан бөлек, ол өткен жылы Роттердам кинофестивалінде жоғары бағаланды. Сондай-ақ  Бельгияда өткен халықаралық кинофестивальда бас жүлде иеленді. Режиссер Әділхан Ержановтың фильмі бұған дейін ReimsPolar 2024 кинофестивалінде де марапатталған болатын.

Фильм жайлы режиссер Әділхан Ержанов «Дала қасқыры» – жанрлық кино. Баласын жанұшыра іздеген ананың ешнәрседен тайсалмай, кедергілерге қарамай, тіпті қауіппен бетпе-бет келе алға ұмтылатынын баяндайды. Туындының басқа сюжеттік желісі жоқ, ол орын алған оқиғаның айналасын ғана айшықтап, көрерменге таптұйнақ жеткізеді» деген ой айтады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button