Басты ақпаратЖаңалықтар

Астанада демалыс күндері болатын іс-шаралар

Жаздың соңғы айы да аяқталуға жақын. Сондықтан әр демалысты қызықты әрі пайдалы өткізу абзал. Астана тұрғындары мен қонақтары, назарларыңызға елордамызда осы демалыс күндері өтетін іс-шаралар тізімін ұсынамыз.

225518170_84948_7347348305588788777

БҮГІНГІ ШЫҒАРМА – ЕРТЕҢГІ ТАРИХ

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында қалалық Мәдениет басқармасы мен «Aray Gallery» ұйымының мұрындық болуымен «Astana. Evolution» фотокөрмесі өтіп жатыр.

Онда бас шаһардың әртүрлі ракурстан түсірілген суреттері қойылған. Оларға қарап заманауи техника мен әлемдік қауымдастықтардың қазіргі фотоөнерге ықпалын бірден байқайсыз.

Елорданы жаңа әрі көне нұсқада, төрт мезгілде, күндіз және түнде, көптеген архитектуралық стильде «шырт еткізген» фотографтардың шеберлігіне шынымен-ақ тәнті боласыз.

Көрмеге Бейбіт Әсемқұл, Маржан Әбілдина, Дархан Шаймарданов, Айбек Аханов, Айдос Есмағамбетов, Ғани Өмірбеков, Дамир Арынов,  Мартин Ривази секілді танымал фотографтардың туындылары қойылған.

Уақыты: 20-21 тамыз.

Өтетін орны: Тәуелсіздік сарайы

ЖЕКСЕНБІ САЙЫН ЖАТТЫҒУ

Бұқаралық спортқа басымдық берілген бас қаламызда жаттығуға жаны құмар қала тұрғындары үшін әр жексенбіде «Fitness Park Astana» шарасы ұйымдастырылады.

Бұл күні орталық саябаққа келген кісілер тәжірибелі фитнес нұсқаушылардың бағытымен таза ауада кроссфитпен және йогамен айналысады. Ал биге әуес жандар латынамерикалық ырғақтармен зумба биін билейді.

Сонымен қатар, аталмыш акция аясында «Combat Battle», джиу-джитсу жаттығу алаңдарында жекпе-жек өнерін үйренуге де болады.

Уақыты: 21 тамыз, сағат 10.00-12.00.

Өтетін орны: Астаналық саябақ.

АСТАНА – ФОТОГРАФТАР КӨЗІМЕН

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Болашаққа көзқарас: маңызды мұра» көрмесі өтіп жатыр.

«Бұл жобаның мақсаты – өнер алаңында қызмет етіп жүрген отандық суретшілердің шығармашылығын насихаттау. Олар бүгінде шетелде кеңінен танымал», – дейді аталмыш мекеменің қазіргі заманғы өнер орталығы жетекшісі Роза Әбенова.

Тамыздың 23-іне дейін жалғасатын көрмеге Сәкен Нарынов, Рашид Нұрекеев, Елена Воробьева, Юлия Сорокина, Сәуле Дүйсенбинова секілді белгілі қылқалам шебер­лерінің туындылары қойылған.

Уақыты: Күнделікті 10.00-18.00. Дүйсенбі – демалыс.

КӨСБАСШЫЛЫҚ БОЙЫНША ТРЕНИНГ

Астанада атақты АҚШ ораторы және кеңесші Том Шрайтердің көсбасшылық бойынша тренингі      өтеді.

Уақыты: 21 тамыз

Өтетін орны: Тәуелсіздік сарайы

БАЛ КӨРМЕСІ

Елордада демалыс күндері «Мусихиндер әулетінің бал әлемі» атты бал көрмесі өтеді.

Уақыты: 20-21 тамыз, сағат 10.00.

Өтетін орны: «Жастар» сарайы.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button