Басты ақпаратЖаңалықтар

Астанада демалыс күндері өтетін іс-шаралар

Жұмыс аптасы аяқталып, асыға күткен демалыс күндері де келіп қалды. Сондықтан, әдеттегідей, назарларыңызға елордамызда өтетін қызықты әрі пайдалы іс-шаралар тізімін ұсынамыз.

123-16-9_248331345447616918

МҮСІНДЕР МУЗЕЙІ

Бүгінде Астанада Санкт-Петербург қаласынан әкелінген балауыз мүсіндер көрмесі өтуде. Онда 40-қа тарта экспонат қойылған. Ішінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан бөлек, Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путин мен АҚШ Президенті Барак Обама бар.

Сондай-ақ, спортсүйер қауымға да жеке бұрыш жасалған. Футбол атасы Пеле мен даңқты боксшы Майк Тайсон сол маңнан табылады.

Мұнымен қоса, «Аватар», «Кариб теңізінің пираттары», «Гарри Поттер», «Сақиналар әміршісі», «Жұлдызды соғыс» сынды фантастикалық кинолардың актерлері де шара қонақтарын асыға күтеді.

Уақыты: 10:00-20:00.

Өтетін орны: Бейбітшілік және келісім сарайы.

АСТАНА – ФОТОГРАФТАР КӨЗІМЕН

Елордадағы қалалық Мәдениет басқармасы мен «Aray Gallery» ұйымының мұрындық болуымен «Astana. Evolution» фотокөрмесі өтіп жатыр. Онда бас шаһардың әртүрлі ракурстан түсірілген суреттері қойылған. Оларға қарап заманауи техника мен әлемдік қауымдастықтардың қазіргі фотоөнерге ықпалын бірден байқайсыз. Елорданы жаңа әрі көне нұсқада, төрт мезгілде, күндіз және түнде, көптеген архитектуралық стильде «шырт еткіз­ген» фотографтардың шеберлігіне шы­нымен-ақ тәнті боласыз. Көрме 2 қыркүйекке дейін жалғасады.

Өтетін орны: Тәуелсіздік сарайы.

ЖЕКСЕНБІ САЙЫН – ЖАТТЫҒУ

Бұқаралық спортқа басымдық берілген бас қаламызда жаттығуға жаны құмар қала тұрғындары үшін әр жексенбіде «Fitness Park Astana» шарасы ұйымдастырылады. Бұл күні орталық саябаққа келген кісілер тәжірибелі фитнес нұсқаушылардың бағытымен таза ауада кроссфитпен және йогамен айналысады.

Ал биге әуес жандар латынамерикалық ырғақтармен зумба биін билейді. Сонымен қатар, аталмыш акция аясында «Combat Battle», джиу-джитсу жаттығу алаңдарында жекпе-жек өнерін үйренуге де болады.

Уақыты: Таңғы сағат 10.00-ден бастап.

Өтетін орны: Орталық саябақ.

ПАЙДАЛЫ КӨРМЕЛЕР

Астанада демалыс күндері теріден жасалған өнімдер көрмесі өтеді. Осыған қоса елордалық тұрғындар «Иванов жанұясының башқұрт балы» атты көрмеге де келе алады.

Уақыты: 6-7 тамыз, таңғы сағат 10.00-ден бастап.

Өтетін орны: «Жастар» сарайы.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button