Ел тынысы

Астанада Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні атап өтілді 

Бүгін елордада Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні атап өтілді. Биыл бұл күн «Азаматтық қорғаныс қызметіндегі инновациялық технологиялар» ұранымен өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеуге орай Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония ғимаратында салтанатты іс-шара өткізді және шара барысында өрт сөндіру және құтқару техникалары, құтқару жабдықтары мен құралдары көрсетілімі ұйымдастырылды.

Салтанатты жиынды ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Алексей Советов, Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс басшысы Руслан Бешеев, Астана қаласы ТЖД бастығы Марат Күлдіков өткізді.

Шақырылған қонақтар, ТЖ органдарының ардагерлері құттықтау сөз сөйлеп, қызметкерлерді мерекемен құттықтап, елордалық құтқарушыларға күнделікті еңбектері үшін ерекше алғыс білдірді.

Іс-шара барысында Астана қаласы әкімі Ж.М. Қасымбектің, Астана қаласы ТЖД бастығы генерал-майор М.М. Күлдіковтың атынан алғыс хаттар мен грамоталармен марапатталды. «Азаматтық қорғаныс саласындағы үздік сурет», «Азаматтық қорғаныс саласындағыдағы үздік бейнеролик», «Азаматтық қорғаныс саласындағыдағы үздік плакат», сондай-ақ «Дүниежүзілік МО күнін өткізуге белсенді қатысқаны үшін» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.

Жыл сайын елордалық Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері орта есеппен 4000 мыңнан астам жедел-құтқару шығулар жасайды, 600-ден астам өрт пен жануды жояды, 1000-нан астам адамның өмірін құтқарады және эвакуациялайды.

Тек 2023 жылы елорданың құтқарушылары мен өрт сөндірушілерімен 314 авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді, 600-ден астам адам құтқарылды және эвакуацияланды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button