Жаңалықтар

АСТАНАДА «ЭКСПО-2017» САЯЖОЛЫ АШЫЛДЫ

IMG_5265

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК-ның ұйымдастыруымен «Ұлттық ағаш өсіру күні» акциясы өтті. Іс-шараға қатысушылар жаңадан ашылған «ЭКСПО-2017» саяжолына 1630 түп көшет отырғызды. Қоғам қайраткерлері мен астаналық мектеп оқушылары отырғызған бұл көшеттер күні ертең тамыр жайып, қала көркін ажарландыра түсері күмәнсіз.

Игілікті іс-шараны ашқан «Астана ЭКСПО-2017» ҰК-ның Басқарма төрағасы Талғат Ермегияев құт­тықтау сөзінде қатысушыларға сәт­тілік тілеп, ертең-ақ Қазақстанның әрбір қаласында өз ЭКСПО саяжайы болады деген сенімін білдірді:
– Біз сіздердің еңбектеріңізді ерекше бағалаймыз. Алдымыздағы «ЭКСПО-2017» көрмесінің «Болашақ энергиясы» тақырыбын қолдау арқылы, бәріміз бір алаңға жиналып, міне, бүгін «ЭКСПО саяжолын» ашуға қол жеткізіп отырмыз. Сол үшін сіздерге алғыс айтқым келеді! Астана қаласында «ЭКСПО сая­жолының» ашылуы бүкіл елімізде осындай саяжолдардың пайда болуына жол ашары күмәнсіз. Ертең бұл жасыл елімізде өткен «ЭКСПО – 2017» көрмесінің белгісі боп қалады, – деді төраға.
Іс-шараға, сондай-ақ, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, «ЭКСПО – 2017» көрмесінің комиссары Рапиль Жошыбаев, БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Стивен Тулла және «Назарбаев зияткерлік мектебі» АОҰ-ның басқарма төрайымы Күләш Шәмшидиновалар да қатысып, өз тілектерін білдірді.
Елшілер, Мәжіліс депутаттары, кәсіпкерлер, қоғамдық ұйым өкілдері, қала жастары мен «Назарбаев
зияткерлік мектебі» оқушылары өз қолымен отырғызған саяжол бойындағы алты қатар жас желек музыка үніне қосылып, самал желмен жайқала тербеледі…

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button