Ел тынысы

Астанада экспорттаушылардың екінші форумы өтеді

26 наурызда Астанада Қазақстан экспорттаушыларының форумы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Форум жұмысына қазақстандық және қытайлық тараптардың спикерлері қатысады. Қазақстандық тараптан «Азық-түлік келісімшарттық корпорациясы» ҰК» АҚ, «Қорғас» Халықаралық және шекара маңы ынтымақтастығы орталығы, «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы, Қазақстанның Ет одағы, «Астана» ХҚО өкілдері сөз сөйлейді. Іс-шара барысында:  панельдік сессиялар, құжаттарға қол қою рәсімі, екі ел кәсіпкерлерінің В2В форматындағы екіжақты келіссөздері өтеді.

Форум аясында ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің қатысуымен панельдік сессия өтеді. Панельдік сессия соңында ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевпен брифинг ұйымдастырылады.
Күні мен уақыты: 2024 жылғы 26 наурыз, сағат 10.00 Министрдің брифингісі сағат 13.30-да басталады. Өтетін орны: Астана қ., Астана Конгресс-Орталығы, Гейдар Әлиев к-сі, 12, «Каспий-Түркістан»залы.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button