Қала мен Сала

Астанада электрлі көліктер көбейеді

Электр қуатымен жұмыс істейтін автомобильдердің ең көп саны ­Алматыда тіркелген. Үздік үштікте Солтүстік Қазақстан облысы және Астана қаласы бар.

Елордада қазіргі таңда 200-ден астам электрокөлік бар. Елордадағы қуаттау стансаларының көбі бір көлікке ғана қуат береді. Ал қуаты 50 кВт-тан асқан стансалар бір мезетте 2 электрокөлікке энергия бере алады. Өткен жылы елордада ең үлкен зарядтау стансасы ашылды. А.Бараев көшесінің бойында орналасқан станса бір мезетте 28 көлікке қызмет көрсетеді. Сондай-ақ осыдан 4 жыл бұрын елордадағы Talan Towers көпфункционалды кешенінде алты жылдам TESLA Supercharger зарядтау стансасы іске қосылды.

Астанада 2019 жылдан бастап электроавтобустар қолданысқа енгізілген. Бұл қоғамдық көлік түрі қатты аяздарда да жұмыс істей береді. Автобус тоқтап тұрғанда электр қуаты кетпейді, сондықтан олар дизельді отынмен жүретін автобустарға қарағанда 3-4 есе тиімді. Өйткені экобус­тар экологиялық жағынан да пайдалы. Қазір Астана қаласында жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын мыңнан астам автобус болса, оның ішінде 100 автобус электр энергиясы арқылы қуат алады. Олар жұмыс уақытынан кейін автопаркте қуат көзіне жалғанады. Елорда бойынша тәртіпті қадағалайтын полиция көлігінің 20-сы да электр энергиясы арқылы жүреді.

Жалпы Қазақстанда электр қуатымен жұмыс істейтін ­автомобильдер саны бір жылда 65,4 пайызға өсіп, 812 көлікті құрады. Десе де елдегі электро­мобильдердің үлесі бүкіл ­автопарктің тек 0,02 пайызын құрайды.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button