Басты ақпаратЖаңалықтар

Астанада елімізде бұрын-соңды болмаған ерекше бағдаршам орнатылады

Алдағы дүйсенбі, 29 тамыздан бастап Астанадағы Қабанбай батыр көшесі мен Қорғалжын тас жолының қиылысына елімізде бұрын-соңды болмаған бөлекше бағдаршам орнатылады. Жаңа қондырғыны елордалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасы эксперимент ретінде ұсынды.

226617440_3848_6292686619622508716

Аталмыш аппарат қызыл түсті «+» белгісі түрінде бағдаршам жанына бекітіледі. Бұған ұқсас сигнал бүгінде Францияда кеңінен танымал. Оның ең басты артықшылығы – солға қарай бұрылған көліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етуінде. Яғни, белгі тек сол жаққа қарай бұрылатын жүргізушілерге ғана арналған. Мұнда «+» сигналы қарама-қарсы бағыттағы бағдаршамның қызыл көзі жанып не сөніп тұрғанынан хабар береді.

Мәселен, Қабанбай батыр мен Қорғалжын тас жолының қиылысында жанама бағыт бойынша Тұран даңғылынан келе жатқан транспорттың өтуіне рұқсат беретін бағдаршам сигналы ертерек жанады. Дәл осы кезде солға қарай еш кедергісіз әрі қауіпсіз бұрылатын мүмкіндік туады. Жүргізушілер «+» сигналының көмегімен қарама-қарсы бағытпен келе жатқан көліктер үшін бағдаршамның қызыл көзі жанып не сөніп тұрғанын біледі. Егер «+» сигналы өшіп қалса, қарама-қарсы бағыт өз қозғалысын бастайды және оларға жол беру керек. Осылайша жол қозғалысының қауіпсіздігі жоғарылайды.

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button