Әлеумет
Астанада «Еңбек жолы» конкурсы бастау алды

Астанада «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы» идеясын дамыту мақсатында «Еңбек жолы» конкурсы бастау алды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Конкурс 3 номинациядан тұрады:
1) «Үздік еңбек әулеті» – ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады;
2) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» – жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады;
3) «Өндірістің үздік жас маманы» – жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады.
Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 1 шілдеге дейін жүргізіледі. Конкурс жөнінде толық ақпаратты 55-68-11, 55-68-05 (Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы), телефондары арқылы алуға болады. Электронды пошта: b.kasymov@astana.kz