Әлеумет

Астанада еріктілер мерекелік шара ұйымдастырды

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы елордада «Көктем шуағы» акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Акция аясында еріктілер қоғамдық орындарда астаналықтарға 600 қызғалдақ гүлін таратты.

Іс-шара жыл сайын қала кәсіпкерлерінің демеушілерінің қатысуымен өтеді.

Жалпы еріктілер 600 қызғалдақ гүлін таратты. Олар Астана қаласының әйелдер қауымын осылайша қуантып, көңіл бөлді.

«Сіздерге көп рақмет. Гүл шоғын алғаныма қуаныштымын. Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен және көктем мерекесімен құттықтаймын», – деді қала тұрғыны Фатима Мәшкенова ризашылықпен.

«Бұл нәзікжанды әйелдер қауымына алғыс білдірудің кішкентай, бірақ өте маңызды үлгісі. Гүл шоқтары қыздар қауымына қуаныш сыйлайтыны өте жақсы», – дейді ерікті Диас Тышибаев.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button