Ел тынысы

Астанада гид және экскурсовод мамандарының мәселесі талқыланды

Л.Н Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде еліміздегі гид және экскурсовод мамандарының алғашқы республикалық форумы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Форумның өтуіне Астана қаласының әкімдігі, Туризм және спорт министрлігі, «Қазақ туризм» ұлттық компаниясы және Еуразия ұлттық университеті мұрындық болды. Жиынға туризм саласының мамандары, 100-ден астам гидтер мен экскурсоводтар, мұғалімдер мен студенттер қатысты.

Іс-шараны ашқан Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев туризм саласы мамандары қызметінің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ еліміздегі алдыңғы қатарлы гидтерге министрлік атынан алғысхаттар табыстады.

«Маман дайындау мәселесінде былтырдан бастап мемлекет қолдауымен туризм бағытында мамандар дайындап жатырмыз. Өзіміздің кафедрамыздан 8 мұғалім гид-экскурсовод оқуын бітіріп, куәлік алды. Олар студенттерді теориялық білім ғана емес, практикалық біліктілікке де бейімдейді. Экскурсиятану, музейтану сабақтары бойынша қосымша оқытады. Арнайы дайындықтардан өткен ұстаздар университетте лекциялар өткізумен қатар қаламыздың көрікті жерлерінде тәжірибелік сабақтар жүргізеді», – деді ЕҰУ экономика факультеті туризм кафедрасының меңгерушісі Ләйлә Муталиева.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button