Жаңалықтар

Астанада Халық ойындарының ІІ қалалық фестивалі өтті

Бағдарлама барысында қазақтың асық пен арқан тартысы, сондай-ақ, башқұрттардың «жұмыртқаны қасыққа салып жүгіру», беларусьтердің «картоп отырғызу», тәжік халқының «аспакбози» сынды ойындар ойнатылды.

асык ату

Бүгін ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне «Жастар» сарайында  Халық ойындарының ІІ қалалық фестивалі өтті. «Үлкен ел – үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасы шеңберіндегі іс-шараның ұйымдастырушылары – Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен әкімдікке қарасты «Қоғамдық келісім» мекемесі.

«Былтыр алғаш рет өткен бұл фестиваль астаналықтардың көңілінен шығып, биыл «Халық ойындарына» қызығушылық танытқандар қатары көбейе түсті. Мәселен бүгін құрд, қырғыз, өзбек, татар, башқұрт, неміс, беларусь сынды этномәдени бірлестіктер мен елордалық аула клубтарының оқушыларынан құралған 7 топ қатысады. Бұл – балалардың көңілін көтеретін ойындар ғана емес, әр ұлттың мәдениеті арқылы жас буынды ынтымақ-бірлікке тәрбиелейтін тағылымды жүздесу», – дейді Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова.

Бағдарлама барысында қазақтың асық пен арқан тартысы, сондай-ақ, башқұрттардың «жұмыртқаны қасыққа салып жүгіру», беларусьтердің «картоп отырғызу», тәжік халқының «аспакбози» сынды ойындар ойнатылды. Ал, мерекелік сахнада Қазақстан, туған жер тақырыбындағы патриоттық әндер шырқалып, ұлттық билер көрініс тапты.

Мәдина ЖАҚЫП

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button