Елорда тынысы

Астанада халықаралық конференция өтеді.

Астанада Бүкіләлемдік пациент қауіпсіздігі күніне орай,  «ПАЦИЕНТ БАСТЫ НАЗАРДА» атты денсаулық сақтаудағы медицина қызметтерінің сапасы және аккредиттеуге қатысты халықаралық конференция өткізіледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Дүниежүзілік денсаулық сақтау саласындағы маңызды әрі ауқымды іс-шара 17-18 қыркүйек күндеріне жоспарланған.

17-18 қыркүйек Астана жаһандық денсаулық сақтау мәселелерін талқылаудың эпицентріне айналады. Денсаулық сақтау саласындағы сапа және аккредиттеу жөніндегі халықаралық конференцияға әлемдік деңгейдегі түрлі сарапшылар мен мамандар ХХІ ғасыр медицинасының ең түйіткілді мәселелерін талқылау үшін бас қосады. Медицина саласындағы ауқымды әрі маңызды жиынның ерекшелігі — бүкіләлемдік пациент қауіпсіздігі және денсаулық сақтау саласындағы сапа бойынша аккретиттеу орталығының (ACQH) 15-жылдығына орай өтуі.

Екі күн бойы жетекші сарапшылар, соның ішінде дәрігерлер, денсаулық сақтау менеджерлері және үкімет өкілдері пациенттерді денсаулық сақтау жүйесінің неғұрлым қорғалған және қауіпсіз қатысушысы ету мүмкіндіктерін  талқылайды.

Басты назарда – ACQH, бұл ұйым 15 жыл ішінде тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар оның шекарасынан тыс жерлерде де аккредитация мен медициналық қызметтердің сапасын арттырудың көшбасшына айналды.  ACQH – ISQUA халықаралық сертификаттарының толық жиынтығына ие әлемнің 40 елі арасындағы жалғыз ұйым. Бұл оның пациенттердің қауіпсіздігі және денсаулық сақтау қызметтерін стандарттау саласындағы жетекші сарапшы мәртебесін дәлелдейді.

Конференция озық тәжірибелер мен инновациялармен алмасу алаңына айналады деп күтілуде. Спикерлердің қатарында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты Айнұр Арғынбекова, ACQH басқарма төрайымы Ботагөз Қауыпбаева және ДДҰ Еуропалық аймақтық бюросының басшысы Ханс Клюге және көптеген белгілі тұлғалар бар. Дүние жүзінің үздік салалық сарапшылары денсаулық сақтау жүйесін түбегейлі өзгерте алатын практикалық шешімдерді талқылайды.

Конференцияға қатысушы белгілі мамандар – ғалымдар, менеджерлер мен тәжірибелік дәрігерлердің қатысуымен дөңгелек үстелдер мен шеберлік сабақтарын өткізіледі.

«Денсаулық төңірегінде ресурстарды біріктіру: сектораралық міндеттер мен шешімдер» сессиясында сектораралық мәселелерге ерекше назар аударылады. Қатысушылар денсаулық сақтау қызметтерінің сапасы мен пациенттердің қауіпсіздігін арттыру үшін мемлекеттік және жекеменшік денсаулық сақтау мекемелері, білім беру ұйымдары, IT-индустрия және мемлекеттік мекемелер арасындағы диалог пен үйлестіру қажеттілігін қарастырады. Талқылаудың маңызды тақырыбы медициналық көмекті қаржыландыру және оның көрсетілетін қызмет сапасына әсері болмақ. Сарапшылар ресурстарды бөлу, денсаулық мониторингін жақсарту және қызмет көрсету сапасын ынталандыру жолдары қарастырады. Конференцияда сонымен қатар халықаралық мәселелер де талқыланады

Конференцияда сондай-ақ халықаралық ACQH аккредиттеу стандарттары және олардың медициналық ұйымдардың беделіне әсері, сондай-ақ осы стандарттарды басқа елдерде енгізу бойынша тәжірибе алмасу мәселелері талқыланады. Медициналық персоналдың құзыреттілігін арттыруда, ұйым беделіне нұқсан келтіретін жағдайлардың алдын алу және медициналық мекемелердің бәсекеге қабілеттілігін күшейтуде аккредиттеу рөлі маңызды аспект болады.

Бөлек сессия пациент қауіпсіздігіндегі көшбасшылық пен инновация тақырыбына арналады. Қазақстандық және Өзбекстан мен Тәжікстаннан келген қатысушылар, медициналық мекемелердің басшылары медициналық қызмет көрсету сапасын арттырудың жаңа технологиялары мен тәсілдерін енгізу туралы талқылайды.

«Сапа менеджменті және пациенттердің қауіпсіздігі: үздік тәжірибелер» сессиясында сарапшылар сапа менеджменті деген не екенін, үздіксіз жақсартуды қалай қолдауға болатынын және қауіпсіздік мәдениеті неліктен пациенттерді қорғауда басты рөл атқаратынын туралы айтылады. Сондай-ақ кәсіби мамандар арасында білім мен тәжірибе алмасудың маңыздылығына баса назар аударылатын кейстер мен озық әлемдік тәжірибелер ұсынылатын болады.

Конференция барысында ACQH медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға және пациенттердің қауіпсіздігін жақсартуға елеулі үлес қосқан медицина қызметкерлері мен мамандарын құрметтеу арқылы өзінің 15 жылдығын атап өтеді. Бұл жай ғана мерейтой емес, аккредиттеу жетістіктерін көрсету және денсаулық сақтау саласындағы жоғары стандарттарды насихаттаудағы маңызды кезең.

Бұл «Пациент назарда» халықаралық ACQH конференциясында өтетін оқиғалардың бір бөлігі ғана.  Бағдарламаның толық нұсқасын төмендегі сайттан таба аласыз: https://acqh.kz/konferencziya-2024-2/

Конференцияны ұйымдастырушы ACQH дәрігерлер мен барлық мүдделі мамандарды пациенттердің қауіпсіздігін жақсарту үшін күш біріктіруге және конференцияға қатысуға шақырады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button