Әлеумет

Астанада кезекті учаскелік полиция пункті ашылды

«Заң және тәртіп» нарративі аясында елорданың Байқоңыр ауданында Наурыз мейрамы қарсаңында №20 жаңа учаскелік полиция пункті ашылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Ашылу салтанатына Астана қаласы полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев, Байқоңыр ауданының әкімі Талғат Рахманберді қатысты.

Аталған полиция пункті ауданда қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру және полицияның халықпен өзара іс-қимылын нығайту мақсатында ашылды. Жаңа пункт Янушкевич көшесі, 10 мекенжайында есігін айқара ашты.

№20 учаскелік пункт үш балабақша, ондаған тұрғын үй кешені және университет орналасқан қала аумағын қамтиды.

Полиция пунктінің жалпы ауданы 75 шаршы метрді құрайды, онда учаскелік инспекторлардың кабинеттері, азаматтарды қабылдау бөлмесі, кезекші қызметкерлерге арналған үй-жай жабдықталған.

Полиция бөлімшесінде аумақта қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін және тұрғындардың өтініштеріне жедел ден қоятын арнайы қызметкерлер жұмыс істейді.

Айта кетейік, Байқоңыр ауданында бастау алған реновация бағдарламасы аясында 96 көпқабатты тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Олардың қатарында тағы да осы секілді учаскелік полиция пунктерін ашу қарастырылған.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button