Ел тынысы

Астанада көктайғақ болады

Синоптиктер 1 сәуірде еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болатынын ескертті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында өзен деңгейінің көтерілуі және елді мекендерді су басу қаупі бар.

Ал Астанада және Ақмола облысының солтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі. Таңертең оңтүстік-батыстан және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аймақтарда тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында көктайғақ, батыста тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында тұман күтіледі.

Атырау облысында тұман күтіледі.

Қостанай облысында жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі.

«2024 жылғы 2 сәуір мен 5 сәуір аралығында Қостанай және Қостанай облысында ауа температурасының күндіз +12+17, облыстың оңтүстігінде +20 градусқа дейін күрт көтерілу болжамына байланысты, түнде 0+5 градусқа дейін, жаңбыр жауады, қар қарқынды түрде ериді, еріген ағынды судың және облыс өзендерінде мұз режимінің әлсіреуі салдарынан су деңгейінің одан әрі жоғарылауы күтіледі. Сонымен қатар, жолдарды, елді мекендер мен шаруашылық құрылыстарды су басу қаупі сақталады», – деп хабарлады «Қазгидромет».

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button