Елорда тынысы

Астанада көмірді қай орындардан сатып алуға болады?

Астанада 11 қойма (тұйық) бар, онда қала тұрғындары үшін көмір сататын 14 орын бар. Олар тиісті инфрақұрылыммен және тиеу-түсіру техникасымен толық жабдықталған. Бұл орындарда 9 сатушы компания қызмет етеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Олар мына мекенжайларда орналасқан: Герцен көшесі 4/1, Герцен 6/2, Көктал 28/1, Мақат 40, Жамбыл Жабайұлы 76, Ахмет Жұбанов 35, Дулатов 182/1, 85 (ЖЭО ауданы-3), 70-өткел, 9А көшесі, Герцен 6б, Қарағанды тас жолы («Магнум» супермаркетінің арт жағы).

Қазіргі уақытта Астанада көмірдің орташа бағасы төмендегідей:

Шұбаркөл – тоннасына 16 400 тг;
Қаражыра – тоннасына 17 400 тг;
Майкөбе – тоннасына 13 500 тг.

Қалада «109» нөмірі бойынша жедел желі жұмыс істейді, онда көмірдің сату орындарында болуы, бағасы туралы қажетті ақпарат беріледі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button