Ел тынысы

Астанада көркем гимнастикадан ашық чемпионат өтіп жатыр

Астана қаласында көркем гимнастика жарысы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Елорданың «Думан» спорт кешенінде көркем гимнастикадан кезекті қалалық ашық чемпионатын Астана қаласының көркем гимнастика федерациясының президенті Сайранбек Ербатырұлы Әбілқайыр ашты.

Жарыстың бірінші күнінде гимнастшылар жеке және топтық бәсекеде шеберліктерін ортаға салды.

Сондай-ақ ел намысын шетелдік аренада қорғап жүрген бірқатар жерлесіміз спорттық дәреже атағымен марапатталды.

Чемпионатта жас және спорт дәрежесіне байланысты төмендегідей жүлделер сарапқа салынып жатыр:

– Спорт шебері (2008 жылғылар және одан үлкендер) қыздар;
– Спорт шеберіне үміткер (2009-2011 жылғы) қыздар;
– 1 спорттық разряд (2012-2014 жылғы) қыздар;
– 2-3 спорттық разряд (2015 және одан кіші) қыздар.

Айта кетсек, 26-28 ақпан күндері сайыс халықаралық гимнастика федерациясының көркем гимнастикадан 2023-2024 ж қолданыстағы ережелеріне сәйкес өтуде.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button