Астанада «Koktal Run» марафоны өтеді
Астанада Республика күніне орай Сарыарқа ауданында «Koktal Run» жүгіру марафоны өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
19 қазан «Koktal Run» жүгіру марафоны ұйымдастырылады. Оған жеңіл атлетиканы ұнататын әрбір тұрғын қатыса алады.
Жүгіру қашықтығы:
1. Балалар (14 жасқа дейінгі ұлдар): 2 км;
2. Балалар (14 жасқа дейінгі қыздар): 1 км;
3. Ересектер (18-49 жасқа дейінгі ерлер): 5 км;
4. Ересектер (18-49 жасқа дейінгі әйелдер): 5 км.
5. 50 жастан асқан ерлер/әйелдер (5 км қашықтық);
Қатысушылар саны – 500 адам.
Күні: 19.10.2024, сағ. 09:00, марафонға тіркеу: 14-18 қазан.
Өтетін орны: «Көктал» саябағы, Бейбарыс көшесі.
Марафон соңында балалар мен ересектер арасында 1-2-3 орындарға қатысушылар марапатталады. Марафон жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медаль және бағалы сыйлыққа ие болады.