Қала мен сала

Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Елордада қар жауып тұр. Қарлы боран ертең де жалғасады. Коммуналдық қызметтер қар тазалау жұмысын үзіліссіз жүргізіп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Елорда көшелерінде тоқтаусыз қар жауып тұр. Мұндай ауа райы алдағы екі күнде қалада жалғасады.

Синоптиктердің болжамынша, 30-31 қаңтар күндері қарлы боран болады, жел күшейіп, ауа температурасы 15-17 градус аязға дейін суытады.

Коммуналдық қызметтер елорданың барлық ауданында тәулік бойы қар тазалау жұмысын жүргізіп жатыр.

30 қаңтарға қараған түні қар күреуге 316 жол жұмысшы мен 1557 арнайы техника шықты.

29 қаңтарда күндізгі ауысымда 4127 ауыр жүк көлігімен қаладан 51 284 текше метр қар шығарылды.

Қыс мезгілінің басынан бастап қар полигондарына барлығы 4 339 580 текше метр қар 341 798 рейспен шығарылды.

Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.
Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.

Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.

Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button