Елорда тынысы

Астанада күн салқындады

Казгидрометтің таратқан ақпаратына қарап, Астанаға күз келді деп есептеуге болады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Өйткені жаздың соңғы айының аяғына дейін ауа температурасы +23-25 градустан аспайтын болады. Сондай-ақ, жаңбыр жауып, найзағай ойнап, дауыл тұрып, тіпті кей уақытта бұршақ ұруы мүмкін.

Мәселен, бүгін ауа температурасы +23 °C болмақ. Жаңбыр болады, найзағай түседі. Тіпті бұршақ жауады. Бұл құбылыстар әсіресе түнде қатты байқалмақ. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін аратын болады.

Сол сияқты мұндай ауа райы апта бойы сақталатын болады. 21 тамыз күні де түнде +8+13 °C, күндіз +23 °C жылы. Бейсенбі-жұма күндері +25 °C болмақ. Бір сөзбен айтқанда биылғы жаз жаңбырлы, тым құрығанда алабұлтты болады деген болжам расқа айналғалы тұр.

 

Сурет: https://yandex.kz/pogoda/ru-RU/blog/august-kazakhstan

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button