Астанада күндізгі ауысымға 900-ге жуық техника шығарылды
Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Бір түнде олар қаладан 168 жүк көлігіне қар жинап, алып шықты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
5 желтоқсан күні таңертең елорданың көшелері мен жолдарын, алаңдары мен тротуарларын қар мен мұздан 2,7 мыңнан астам жол жұмысшы мен 890 бірлік арнайы техника тазартады.
5 желтоқсанға қараған түні қаладан 168 жүк көлігі немесе 1 892 текше метр қар шығарылды.
Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 65 мыңнан астам рейспен 839 мың текше метр қар шығарылды.
Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.
Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.
Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.
Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз.