Денсаулық

Астанада КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты

Қазіргі уақытта Астана қаласындағы коронавирус инфекциясының эпидемиологиялық жағдай тұрақты және бақылауда. Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметтері бойынша, қалада COVID-19 диагнозы қойылған бір науқас ауруханаға жатқызылды, ал амбулаториялық ем қажет ететін науқас жоқ, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2024 жылдың басынан бері елде  COVID-19 1290 жағдайы тіркелгенін, оның ішінде өлім жағдайы тіркелмегенін хабарлады. Астанада, басқа аймақтар сияқты, вирус таралуын бақылау және мониторинг жүргізілуде. COVID-19 сияқты вирустық инфекциялар үнемі бақылауда болып, олардың таралуын алдын алу шаралары уақытылы қабылданады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда Омикрон штаммының әртүрлі субварианттары айналымда, бұл жаһандық үрдіске сәйкес келеді. Астаналық дәрігерлер медициналық мекемелерде маска тағып, антисептик қолдануды ұсынады. Сонымен қатар, барлық адамдарды тұмауға қарсы вакцинация жасатуға шақырады.

«Күз айларында грипп, ЖРВИ және басқа да тыныс алу жолдарының ауруларының эпидемиялық өршуі болуы мүмкін. Ал қазіргі уақыттағы ең тиімді профилактикалық шара – вакцинация. №13 қалалық емханада гриппке қарсы иммундау науқанына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Ең алдымен медицина қызметкерлері және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша инфекция жұқтыру қаупі жоғары топтардағы адамдар егіледі. Бұл топқа диспансерлік есепте тұрған балалар, қарттар үйінің тұрғындары, жүктіліктің екінші немесе үшінші триместріндегі жүкті әйелдер, жүрек-қан тамыр жүйесі мен тыныс алу жолдарының созылмалы аурулары бар адамдар, жабық мекемелердің қызметкерлері, мектеп оқушылары және т.б. кіреді», – деп атап өтті №13 қалалық емхананың эпидемиолог дәрігері Күлтай Спанова.

Сондай-ақ, дәрігер 2024 жылдың бірінші жартысында Қазақстанда 49 704 жағдай пневмония тіркелгенін, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 19,2% -ға көп екенін айтты. Бұл халықты тыныс алу жолдарының ауруларынан қорғау үшін профилактикалық шаралар мен вакцинацияны жалғастыру қажеттігін көрсетеді.

Осылайша, Астанада жалғыз адамның ауруханаға жатуына қарамастан, эпидемиологиялық жағдай бақылауда тұр және коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button