Елорда тынысы

Астанада кёкушинкай каратэден Азия чемпионаты басталды

Астанадағы Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында кёкушинкай каратэден балалар мен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты және ересектер арасындағы Азия чемпионатының ашылуы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Құрлықтық бәсекеге 22 мемлекеттен 550-ге жуық спортшы жиналды.

Бұл жарыстың негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, Қазақстанда аталмыш спорт түрін дамыту, каратэшілердің шеберлік деңгейін және жаттықтырушылар мен төрешілердің біліктілігін арттыру, спорт клубтары мен халықаралық федерациялар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту.

«Баршаңызды бүгінгі байрақты бәсекенің ашылуымен құттықтаймын! Азия чемпионатын ұйымдастырушыларға және шараға қолдау көрсеткен ҚР Туризм және спорт министрлігіне алғысымды білдіргім келеді. Елімізде осындай маңызды ірі жарыстар өткізу халықтың спортқа деген қызығушылығын арттырады. Сіздерге сәттілік пен жеңіс тілеймін!», — деді Бүкілқазақстандық кёкушинкай каратэ ұйымының президенті Тәжімұрат Найзабеков.

9

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button