Басты ақпаратЖаңалықтар

Астанада мектеп жабдықтарын сатуға арналған жәрмеңке өтті

Жаңа оқу жылы қарсаңында қалалық алаңда мектеп жабдықтарын сатуға арналған жәрмеңке өтті. Екі күнге созылған шараға 10 мыңдай адам қатысып, 17 млн 900 мың теңгенің тауары сатылды.

екр15к65е1

Жыл сайын дәстүрге айналған жоба мектепке керек жабдықтарды халыққа төмендетілген бағамен ұсынуды көздейді.  Мектеп жәрмеңкесінде Астана, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларының өндірушілері өз тауарларын ұсынды.  21 сауда орны құрылып, онда  мектеп формасы, спорттық костюмдер мен аяқ киімдер және кеңсе заттары мен кітаптар 10-50% жеңілдікпен сатылды.

«Биылғы жәрмеңкеге 13 отандық және 1 шетелдік кәсіпорын қатысты.

Тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларға көмектесуге бағытталған шарада мектеп құралдары мен киімдер нарықтағы бағадан арзан сатылды.

Жәрмеңке кезінде халыққа кеңес беретін қоғамдық қабылдау бөлімі жұмыс істеді. Ондағы мамандар мектепке қабылдау, оқулық, киім мәселесіне қатысты көпшіліктің сауалдарына жауап берді.

Сонымен қатар, Оқушылар сарайының, музыка және өнер мектептері ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды. Мұның бәрі жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында өтті», – деді қалалық Білім басқармасының Кәмелет жасқа толмағандардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы Ләззат Орынбасарова.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button