Басты ақпаратЖаңалықтар

Астанада «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жалғасып жатыр

Игі дәстүрге айналған бұл акция бүгін Сарыарқа аудандық әкімдігінде жалғасты. «Нұр Отан» партиясының Сарыарқа аудандық филиалымен бірлесе өткізілген шарада 220-ға жуық балаға оқу құралдары мен мектепке қажетті заттар табысталды.

225519988_100038_10656826149664147979

«Бірнеше жылдан бері 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында дәстүрлі түрде өтізіліп келе жатқан бұл шара биыл ерекше өтіп жатыр. Себебі биыл – ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Бүгінгі қайырымдылық шарасына 220-дан астам бала қамтылып отыр. Олардың барлығына мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп отырмыз. Шараға, сондай-ақ белсенді бизнес өкілдері атсалысып отыр. Бұл – уақытша науқан емес. Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан бүлдіршіндерді, сондай-ақ балалар үйінің тәрбиеленушілерін қолдауға арналған бұл шараны дәстүрге айналдырамыз деп отырмыз», – деді Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Талғат Рахманберді.

Аудан әкімі орынбасарының айтуынша, Сарыарқа ауданында 450-ге жуық көмекке зәру адам тіркелген екен.  Олардың барлығы да жақын аралықта қажетті заттармен қамтылады.

Алматы ауданы да Оқушылар сарайында «Мектепке жол» республикалық акция аясында «Мектепке барасың, балақай!» атты шара өткізді.

Салтанатты жиынға аз қамтылған көпбалалы отбасылардан шыққан 150-ден астам бала қатысты.

Алматы ауданының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев көмекке мұқтаж адамдарға, мүгедектерге, жағдайы төмен отбасыларға мемлекет мүмкіндігінше қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтті.

Қайырымдылық акцияға ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары, елорданың кәсіпкерлері атсалысып, балаларға қажетті құрал-жабдықтар тапсырды.

 Бүркіт НҰРАСЫЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button