Қоғам

Астанада мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау және дамыту Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басым міндеті. Қалада 36 000-нан астам мүгедек адам тұрады, оның 26 000-нан астамы ересектер, 10 000-нан астамы балалар, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

2024 жылы мүгедектігі бар адамдарды техникалық оңалту құралдарымен және қызметтермен қамтамасыз етуге 37 мыңнан астам түрлі құралдар ұсынылды: протездік-ортопедиялық көмек,сурдологиялық көмек, кресло-арбалар, санаторий-курорттық емдеу және т. б.

2024 жылы 7 761 адам арнайы әлеуметтік қызметтер алды. Бұл қызметтер 11 ведомстволық бағынысты мекемелерде көрсетіледі. Негізгі мекемелердің арасында:
1. «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы;
2. «Нұрлы жүрек» орталығы;
3. «Қамқор» орталығы;
4. «Демеу» қайта әлеуметтендіру орталығы;
5. «Үміт» дағдарыс орталығы;
6. «Жансая» орталығы;
7. «Катаркөл» оңалту орталығы;
8. Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары.

2024 жылы әлеуметтік қызмет көрсететін үкіметтік емес ұйымдардың саны артты.

Олар:
* «Балам-ай» ҚҚ-жартылай стационарда 414 адам.
* «Erekshe analar» ҚҚ — жартылай стационарда 413 адам.
* «Астана қаласының мүгедек балалар қоғамы»ҚБ-үйде 398 адам.
* «Орда»ҚБ (аутизмі бар балалар) — үйде 719 адам (18 жасқа дейін), 18 жастан асқан 11 адам.
* «Береке Астана мүгедектер бірлестігі» ҚБ-593 адам үйде, 413 адам жартылай стационарда.
* «Солнечный мир» ҚҚ- 136 адам.
* «АСТ Астана әлеуметтік технологиялар» ҚБ-жартылай стационарда 357 адам.
* «Қорғау -Дағдарыс орталығы»- 410 адам.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button