Жаңалықтар

Астанада мүмкіндігі шектеулі жандар жұмысқа қабылданады

40-қа жуық елордалық жұмыс беруші мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа қабылдауға дайын екенін білдірген.

c

Астана қаласының жұмыспен қамту орталығы мамандарының хабарлауынша, бүгінгі күні мүгедектігі бар 549 адам жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылған. Оның ішінде 327 адам – қоғамдық жұмыстарға, 194-і  тұрақты жұмысқа орналастырылса, 16 адам әлеуметтік жұмыс орындарына алынды. Бұл ретте бастапқы жұмыс тәжірибесіне ие болу мақсатында 6 адам жастар тәжірибесінен өтті.

Елордалық Жұмыспен қамту орталығының мәліметтер базасында мүгедектерге арналған 100-ге жуық бос орын бар, онда жұмыс мамандықтарынан басқа, логист, маркетолог, несиелік менеджер, бағдарламашы, компьютерлік тігу маманы, лаборант, дизайнер, механик-бақылаушы, ағылшын тілін білетін оқытушының көмекшісі, түрлі разрядтағы тігіншілер, және артистердің бос орындары бар.

astana.gov.kz

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button