Мәдениет

Астанада – «Наурыз» айтысы

Наурыз мейрамының бір жарқын көрінісі – «Нау­рыз» айтыс. Алты Алашқа айтылып, сөз маржанын терген айтыскер ақындар жылда аламан бәйге өткізіп, мейрамның мерейін асыруда. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі жас ақындар айтысы биыл Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен өтеді.

 – Айтыс Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арналады. Атамұра өнеріміздің кейінгі кезде көп насихатталмай жүрген жұмбақ айтыс, қайым айтыс, өтірік өлең айтысы, қыз бен жігіт айтысы, түре айтыс сияқты түрлерін қайта жаңғыртпақпыз. Жас ұрпақты ұлттық мәдениетке, тіл мен дәстүрге тәрбиелеудің қолайлы құралы – осы айтыс. Сондықтан біз балауса жас ақындарымызбен қатар қазір халыққа танылып қалған Нартай Тілеуқұл, Данияр Алдабергенов, Айшолпан Тілеуқұл, Дәурен Ысқақ сияқты сөз саңлағы, сақа ақындарды да сахнаға шығарамыз, – дейді белгілі айтыскер ақын, ­Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Серікзат Дүйсенғазы.

Елордалықтар және қала қонақтары, қызық айтыстан қапы қалмаңыздар!

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button