Ел тынысы

Астанада ”Оқуға құштар мектеп” жобасымен республикалық челлендж өтті

Астанада  ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы, Астана қаласы Білім басқармасының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында Республикалық челлендж өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Жас ұрпақты кітап оқуға шақыратын атаулы шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстанның  еңбек сіңірген қайраткері Нұртөре  Жүсіп, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру  департаментінің  директоры Меруерт Медетбекова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  Әлібек Асқаров, қазақ мифологиясын зерттеуші, философ Зира Наурызбаева, ҚР Ұлттық академиялық кітапхана директоры  Ғазиза Нұрғалиева, Алматы кітап баспасының вице-президенті Гүлнұр Құдайберген арнайы қонақ ретінде шақырылды.

Руханиятқа баулитын іс-шара екі бөлімнен тұрды. Алғашқы READx форматында “ Мен оқыған бір кітап” тақырыбы бойынша арнайы шақырылған студент пен оқушылар өздері қызығып оқыған кітаптың мазмұнын көрерменмен бөлісіп, қысқаша баяндап, өз ойларымен бөлісті.

Екінші басты бөлімде еліміздегі 17 облыс пен 3 Республикалық маңызы бар қалалар қатысып “Менің сүйікті кітабым” бойынша эстафета түрде жолдау рәсімі өтті.

Барлық облыстар мен қалалар онлайн арқылы қатысып, бас қаламызда оффлайн форматта ұйымдастырылып, көпшілікке ерекше әсер қалдырған бұл кешке қатысушылар жоғары баға беріп, өз ойларын білдірді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button