Елорда тынысы

Пауэрлифтингтен әлем чемпионаты өтеді

Астанада 5-12 қазан күндері көру қабілеті төмен және зағип спортшылар арасында IBSA Пауэрлифтинг және жатып сығымдаудан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

Бұл маңызды шара алғаш рет Қазақстанда ұйымдастырылып отыр. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен келген ең мықты спортшылар қатысады. Чемпионатқа 9 елден 71 спортшы қатысады: Қазақстан, Грузия, Украина, Түркия, Египет, Ливия, Чехия, Израиль, Кения. Жалпы қатысушылар саны 130 адамды құрайды, оның ішінде жаттықтырушылар, көмекшілер және төрешілер бар.

Бұл чемпионат Қазақстанда зағип спортшылар арасында пауэрлифтингтен өткізілетін әлемдік деңгейдегі алғашқы іс-шара болып саналады. Чемпионат елімізде инклюзивтікті қолдауға және мүмкіндігі шектеулі жандардың спортын дамытуға маңызды үлес қосады.

Іс-шараға кіру тегін.

Чемпионат қазақстандық пара пауэрлифтинг федерациясы және Қазақстандық зағип спорт ассоциациясымен ұйымдастырылып, Туризм және спорт министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button